Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мектеп оқушылары төбелесіп, екеуі пышақ жарақатын алды

Өскемендегі мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: astanatv.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция депарментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орта мектеп оқушысы екіншісіне суық қару қолданған. Қақтығыс кезінде ол жиналмалы кәдесый пышағын алып, қарсыласына сермеген. Салдарынан өзі де жарақат алды.

Оқушылардың бірінің қолы, екіншісінің беті кесілген. Мектепке жедел-жәрдем мен полиция шақырылды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, олардың өміріне қауіп төнбейді.


​​​Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

"Барлық мән-жай анықталып жатыр. Бақылау камераларынан видеолар зерттеліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді", – деді Татьяна Карпова.

Талқылау