Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдың маусымы тарихтағы ең ыстық ай деп танылды

2019 жылдың маусым тарихтағы ең ыстық ай болып саналды. Бұл туралы Гидрометеорологиялық орталықтың басшысы Роман Вильфанд жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

погода

Оның айтуынша, мұны экспресс-талдау жүргізген эксперттердің жұмысы айқындаған. Сондай-ақ, Вильфанд бір жарым айдан соң Жаһандық климат және экология институты егжей-тегжейлі талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша маусым айы тарихтағы ең ыстық ай бола алады дейді. 

Оның алдында Вильфанд Ресейде шілде айында температура жоғары деңгейге жететінін немесе асуға дейін баратынын ескерткен болатын. Шілде айының екінші онкүндігінен бастап Ресей мен Мәскеу аймағында жаздың ауа-райы орнатылады. Оралдың оңтүстігінде және Батыс Сібірдің оңтүстігінде температура бірқалыпты деңгейде болады деп болжануда. Ғалам бойынша күннің ысуына байланысты елдегі ауа-райы да өзгеріп отырады.
 

Талқылау