"Орнынан алып тастаңдар!": Мақпал Жүнісова Қостанай қаласының мәдениет басшылығына өкпеледі
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанай қаласына гастрольдік сапармен барып, өңір басшылығына ренжіп қайтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Өнер иесі солтүстік өңірлердің аудан-ауылдарын аралап, концерт қойып жүр.
“Қостанайлықтар, концерт керемет өтті. Келген көрерменге алғыс айтамын. Әсіресе ақ рояль маған қатты ұнады. Бірақ өңірдегі бір бастық, мәдениет басшысы концертке келмеді. Бізге бір кесе шай да бермеді. Қостанай жұртшылығына ризамын! Бірақ бастықтарыңды алып тастаңдар!”, – деді өнер иесі.
-
Елімізде енді балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатылмайды
-
Израиль Газадағы 1,4 миллион адам шоғырланған аймаққа шабуыл жасамақ
Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып, өңірді орыстанып кеткен, қонақжайлықтан алыс деп айыптады.
“Бастықтардың тірлігі ұят болған екен”, “Домбыраңызбен артынып-тартынып келіп едіңіз”, “Ауызашар уақытымен сәйкес келді, концертке бара алмадық”, “Осы күнге дейін жас әншілерді керемет күтіп еді, сіздей халық әртісін күтпей қалуы мүмкін емес”, “Әртіс келгенде әкімнің өзі күтіп алатын жөні бар” деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, халық әртісі домбырасын бордқа кіргізбеген әуекомпаниясына шүйлігіп еді.