Израиль Газадағы 1,4 миллион адам шоғырланған аймаққа шабуыл жасамақ
Израиль әскері Газа секторындағы Рафах қаласына қарсы шабуылға дайындықты жалғастырып жатыр және анклавтың оңтүстік аймақтарының тұрғындарын Газа орталығына көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Time of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЦАХАЛ өкілі Даниель Хагаридің айтуынша, халық уақытша баспана, азық-түлік, су және негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілетін орындарға жіберіледі. Соғыс қашан болатынын нақтыламады.
Гуманитарлық топтар 1,4 миллион адам тығыз орналасқан аймаққа әскери шабуылдың салдарынан қорқады. Израиль Рафахтағы төрт ХАМАС батальонын жоюға ниетті екенін мәлімдеді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халықаралық күштердің мұндай әрекетке бармау үшін қысым көрсетуіне қарамастан, Израиль әскері Рафахқа шабуыл жасайтынын айтты. Тель-Авив Рафах ХАМАС-тың соңғы ірі тірегі екеніне сенімді.
Содырлардың бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыс кезінде анклавта 31 200-ден астам палестиналық қаза тапқан.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"