Оралдық тұрғын ұлының туған күніне сатып алған тортқа бриллиант жасылы қосылғанын айтты (видео)
Оралда өткен аптаның жұма күні желіде пайда болған видеоның авторлары сатып алған торттың кремінде бриллиант жасылы қолданылғанын айтты.

Видео авторларының сөзінше, 7 желтоқсанда ұлының туған күніне орай «Наполеон» дүкенінен «Шөп үстіндегі доп» тортына тапсырыс берген. Олар тортты жегеннен кейін, саусақтары жасыл түске боялып қалғанын көреді. Алайда оны сумен жуып кетіре алмай қойған, деп хабарлайды “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің БҚО-дағы департаментінің қызметкерлері видеоны көргенін айтты. Олар видео авторларынан хабарласуын сұрады. Айтуыларынша, тұтынушының шағымынсыз кондитрелік дүкенде тексеріс жүргізу қиынға соғады.
Тортты сатып алған тұрғындар дүкенге келіп, «жасыл» тортқа қатысты шағымдарын айтқан.
«7 желтоқсанда әйел адам бізге тортқа тапсырыс берді. Тапсырысы 2 сағаттың ішінде орындалды. Торт табиғи өнімдерден жасалған. Біз тағымдық бояғыштарды ғана пайдаланамыз. Тапсырыс берушілермен қиындықтар болған емес», – дейді сатушы Любовь Щанкина.
Щанкинаның сөзінше, ол тортты қайтып алып келуін сұраған.
«Біз оларға мән-жайды анықтап, ақшасын қайтарып беретінін айттық. Алайда әйел озбыр мінез танытты. Торттың балконда жатқанын айтты. Тортты видеоға түсіріп, оны желіде жариялайтынын айтып қорқытты. Олар тортты әкеліп беруден бас тартты», – дейді ол.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.