Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды

Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың мәйіті бүгін, 6 қыркүйекте табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Ескі әуежай маңында салынып жатқан үйлердің жанынан 9 жасар Нұрасылдың мәйіті табылды.

"Бала құрылыс алаңына барып, биіктіктен құлап кетуі мүмкін", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көкшетауда жоғалып кеткен қызға қатысты полицейлерге жауап берген куәгер өзіне қол салды


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Оралда 9 жасар баланың жоғалғаны туралы жазған болатынбыз

Тұрғындардың айтуынша, 5 қыркүйекте сағат 17:40 шамасында бала "Ескі әуежай" ықшамауданындағы Самал көшесі, 94-үйден шығып кеткен, содан бері қайтып келмеген. Баланың ерекше Даун синдромымен ауыратыны белгілі болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. 

Талқылау