Оралда төрт баланың анасы жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінді
Оралда қоқыс жәшігінің маңынан нәрестенің денесі табылды. Бүгінде оның анасы тұтқындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 жастағы әйелдің одан бөлек төрт баласы бары белгілі болды.
Полиция мәліметінше, 6 қазанда таңертең қоқыс жәшігінің маңынан қара түсті спорттық сөмке табылған. Оның ішінде целлофан пакетке салынған жаңа туған нәрестенің денесі болған.
«Нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады», - дейді полиция департаментіндегілер.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”