Оралда "Батыс су арнасының" екі жұмысшысы кәріз суына батып кетті
Оралда "Батыс су арнасы" ЖШС-ның екі жұмысшысы кәріз сорғы стансасын жөндеу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 тамызда күндіз Оралдағы кәріз сорғы стансасында болған.
"Батыс су арнасы" ЖШС бас директоры Әнуар Әркеновтың айтуынша, 1971 және 1982 жылғы екі жұмысшы құрылғы бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын жүргізген.
"Алдын ала мәлімет бойынша, құрылғы қақпағы жұлынып кетіп, стансаға кәріз суы толып қалған. Соның салдарынан жұмысшылар сыртқа шығып үлгермей, суға батып кеткен", – делінген хабарламада.
Компания зардап шеккендердің отбасына қажетті барлық көмекті көрсетуге уәде беріп отыр. Қаза тапқан жұмысшылардың бірінің артында үш кішкентай баласы қалды.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар