Оралда 2 жасар қыз кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалды
Оралда 2 жасар қыз кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 17 шілде күні түстен кейін М. Жүнісов көшесіндегі 184-үйде болды.
"Сағат 14.20-да 112 пультіне қыз баланың жартылай автоматты кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылғы қызды арнайы құралдардың көмегімен машина барабанынан шығарып, ата-анасына табыстады. Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15.00-де аяқталды. БҚО ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады", - деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды