Орал тұрғыны притон ұйымдастырып, африкалық бойжеткенді интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған
БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда Африка азаматшасы жұмыс істеген. Орал тұрғыны 24 жастағы африкалық бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет Polisia.kz кадрларынан скринделген
Полицияның деректеріне сай, бойжеткеннің Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы екені анықталды.
“14 қыркүйек күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “STOP-Трафик“ жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 33 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтады”, – делінген хабарламада.
Қазір ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар