Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрқайсысына 180 мың теңге": Оңтүстік Кореяда кездесуге барған жұптарға ақша төленеді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында кездесуге барған жұптарға ақша төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pexels.com

Жергілікті билік отау құрмай жалғыз жүрген адамдардың үйлі болуын қолдап, елдегі туу көрсеткішін көтеру мақсатында осындай шаралар қабылдады. Кездеуге келіскен жігіт пен қызға 500 мың вон сыйақы беріледі. Теңгеге шаққанда әрқайсысы 180 мың теңге алады. Ал некелесуге бел байлаған ғашықтарға сыйлық ретінде тойға деп 20 миллион вон бөлінеді. Біздің валютаға шаққанда бұл 7 миллион теңгеден астам қаражат. Сондай-ақ жергілікті билік жас жұбайларға бес жылға дейін пәтер жалдау ақысын төлеуге көмектеседі.



Бұл бағдарламаға 24 пен 43 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беріп, әңгімелесуден және іріктеуден өту керек.

Бұған дейін норвегиялық ханшайым Марта Луизаның америкалық бақсыға тұрмысқа шыққаны туралы жазған едік.

Талқылау