"Оңай болмайтынын білмедім": Фариза Төреәлі ерте тұрмыс құруға қатысты ойын бөлісті
Белгілі блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі ерте тұрмысқа шығудың кемшіліктерін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Блогер 18 жасында тұрмысқа шығып, үш жылдан кейін Дара есімді қызды дүниеге әкелген еді.
“Тұрмысқа шыққанға дейін менің сүйікті жұмысым, қаржы еркіндігі, саяхат, жүрек тыныштығы, бағалық сыйлықтар болған жоқ. Қазіргі өмірім – амалдар мен еңбектің нәтижесі. Басқа қыздар секілді менде де арман болды. Қымбат көлік, өз баспанамыз, бір-бірімізді түсінетін деңгейге жетсек деп армандадым. Тіпті, 18 жасында тұрмыс құрғанымда қарым-қатынастың мұншалықты оңай болмайтынын білмедім. Мида сан түрлі сұрақ, неге түсінісу қиын, неге жоқ жерден ұрыс пайда болады, нақты не істеу керегін білмедім. Не өзімді, не жолдасымды толыққанды ұғына алмайтын едім. Адамнан әрекет керек екенін кейін түсіндім. Ешкім саған бақытты болудың жолын үйретпейді”, – деп жазды блогер.
-
“Еркек аңғал келе ме, әлде мен аңқаумын ба”: Әйелін ұрды деп айыпталған дипломат өз нұсқасын айтты
-
"Ажырасу үшін үш рет сотқа бардым": Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты
Сонымен қатар желі жұлдызы жолдасымен қатар отырып, сұхбат құрып, еліміздегі ажырасу бойынша жасалған статистикаға алаңдайтынын жеткізді.
Блогердің айтуынша, Қазақстан ажырасу бойынша әлемдегі 114 мемлекеттің ішінде 16-орында тұрған көрінеді.
“Бұл ер адамға байланысты. Неге? Өйткені үйленгеннен кейін ол баладан ересек позициясына уақытылы көше білу керек. Ересек позициясы дегеніміз – өз-өзіне, өз отбасына жауапкершілік ала білу. Сырттан ешкімді кіргізбей," бұл–менің шекарам, менің отбасым, ешкім кірмейді, өз мәселемді өзім шешемін, әйелімнің және менің арамда болып жатқан жағдай біздің арамызда қалады" деу. Әйел адам – Алладан бізге берілген үлкен аманат. Көп ер адам үйленгеннен кейін әйеліне зат секілді қарайды. Осының бәрі дұрыс болмағандықтан, бір-бірін сүйіп қосылған жастардың ажырасу ықтималдылығы жоғары болады. Сол үшін бәрінің алдын алу керек", – дейді спортшы, блогердің күйеуі Дархан Нортаев.
Еске салайық, Фариза Төреәлі жүктілігі жайлы сөз қозғап, ана атануға дайын болмағанын айтты.