Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігі оны ақпаратқа заңсыз қол жеткізді деп айыптап отырғанын айтты

Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев қазіргі басқарма басшысы Ажар Ғинияттың өзінің үстінен полицияға арыз жазғаны туралы айтқан сөздерін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Балтабекова сот залында Ажар Ғинияттың менің үстімнен арыз жазғанын, содан кейін мені қорғау құқығы бар куәгер ретінде жауап алуға полицияға шақырғанын айтты. Астана полиция департаменті жинаған материалдармен таныстым. Маған қарсы арызды Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Балтабекова жазған. Ажар Ғиният осы жағдайды қарауды сұрап арыз жазған. Қазір арыздар негізінде менің құқығым мақсатты түрде бұзылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ол маған қарсы арыз жазып, сотта оны Ажар Ғиният жазғандай көрсетті", - деді Олжас Әбішев өз ісі бойынша апелляциялық сот отырысында.

Әбішевтің әйелі де тергеуге шақырылды. Сонымен қатар, Әбішевтің айтуынша, полицейлер оны қолдау туралы онлайн петицияға қол қойған бірнеше танымал адамды да жауапқа алған. Полицияда бұрынғы министр орынбасарының жеке телефонын тәркілеген.

Әбішев атап өткендей, полицияға арыз бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабының 1-бөлігі – "Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникация желісіне заңсыз қол жеткізу" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Олжас Әбішев апелляциялық сотта айтқан сөздері үшін министр Ажар Ғинияттың оның үстінен полицияға шағым түсіргенін айтқан. Атап айтқанда, Әбішев әлеуметтік желілерде тараған скриншотты пайдаланған, ол бойынша Денсаулық сақтау министрі айыпталушы Біртанов пен Әбішевті қолдайтын онлайн петицияға қол қойған-мыс. Ол министрлік осылайша айыпталушыларға да, сотқа да қысым көрсетті деген пікір білдірді.

Кейін Ажар Ғиният Әбішевтің үстінен арнайы арыз жазбағанын түсіндірді.

"Менің атымнан біреу менің келісімімсіз петицияға қатысты және ол жерде менің жеке деректерім, соның ішінде ЖСН заңсыз пайдаланылды. Сондықтан, менің мемлекеттік органның басшысы екенімді ескерсек, менің кез келген мәлімдемемді халық Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы деп санауы мүмкін, мен мұны кімнің және қандай мақсатпен жасағанын анықтауды сұрап арыз жаздым", - деді министр Сенат отырысында.

Талқылау