"Өлтіретінін өз туыстарына айтқан": Түркістанда екі баласын тұншықтырды деп айыпталған әйелдің ісіне қатысты тың дерек пайда болды
Түркістанда өз анасының қолынан қаза тапқан екі баланың өліміне Қазақстандағы балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиева көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиева екі баланы тұншықтырды деп айыпталған анаға қатысты тың деректерді Facebook-парақшасында жариялады.
Айтуынша, күдікті Қызылорда облысының тумасы, алайда Түркістанға келген.
“Ол Түркістанға келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқаны белгілі”, – деп жазды Закиева.
Мән-жай анықталып жатыр. Істі Түркістан облыстық ПД тергеп жатыр.
Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кейін күдіктінің Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды. Кейін ол Шымкентте ұсталды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан