Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада чемпион атанған боксшыларға федерация қомақты қаржы тағайындады

Қазақстан бокс федерациясы Париж олимпиадасында чемпион атанған спортшылар мен жүлдегерлерге арнайы сыйақы ретінде қомақты қаржы тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Париж олимпиадасында топ жарып, үздіктер қатарынан көрінген былғары қолғап шеберлері үшін Қазақстан бокс федерациясы тарапынан арнайы сыайық ретінде қаржы бөліп отыр. Чемпион атанған боксшы үкіметтің беретін 250 мың долларынан бөлек, федерациясы тарапынан тағы 220 мың долларға ие болмақ. Ал күміс және қола жүлдегерлер 120 мың, 70 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар, 4-5-орын алған боксшылар үшін де ынталандыру ретінде 30 мың және 10 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. 

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы Италияның Бусто-арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде жолдамаға ие болған боксшылардың әрқайсысын 20 мың доллармен марапаттады. Құраманың бас бапкері 10 мың доллар алса, қалғандарына 6000 долларда берді.  

Талқылау