Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жеңімпазы және "қорғаныс шебері": Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Белградта өтетін әлем чемпионатындағы алғашқы кездесулердің кестесі жарияланды. Жарысқа елімізден 13 спортшы аттанған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сәкен Бибосынов

Жеребе нәтижесінде қазақстандық боксшыларға өзбекстандық қарсыластар түскен. Мәселен, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. 

28 жастағы Дусматов – Риода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы. Ол кәсіби рингте 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын уақытынан бұрын аяқтаған. 

57 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсететін боксшы Серік Теміржанов бірінші кездесуінде моңғолиялық Энх-Амар Хархуумен жұдырықтасады. 


"Бірінші орынды иеленеміз!": Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы әлем чемпионатындағы жоспармен бөлісті


Халықаралық бокс ассоциациясы моңғолдық спортшының қабілеттерін айта келе, оны "қорғаныс шебері" деп атаған. 29 жастағы

Хархуу – Азия чемпионатының қола жүлдегері және Қазан қаласында өткен Универсиада чемпионы.

Әлем чемпионатының алғашқы айналым кестесі мынадай болды:

25 қазан

57 келі. Серік Теміржанов – Энх-Амар Хархуу (Моңғолия).

67 келі. Абылайхан Жүсіпов – Ю Линь (Тайбэй).

26 қазан

51 келі. Мәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).

75 келі. Нұрқанат Райыс – Стефан Савоквич (Черногория).

27 қазан

71 келі. Асланбек Шымбергенов – Фархад Моради Аташгах (Иран).

86 келі. Бек Нұрмағанбет – Кено Мачадо (Бразилия).

28 қазан

+92 келі. Нұрлан Сапарбай – Аюба Гадфа Дрисси (Испания).

29 қазан

54 келі. Махмуд Сабырхан – Ин Кю Ким (Оңтүстік Корея).

60 келі. Саматәлі Төлтаев – Тамба Соргор (Сьерра-Леоне)/ Хунатип Пиднуч (Таиланд).

92 келі. Айбек Оралбай – Матеуш Березницки (Польша).

30 қазан

48 келі. Теміртас Жүсіпов – Мухаммед Унлу (Түркия)/Омер Аметович (Сербия).

63,5 келі. Санатәлі Төлтаев – Василий Чеботари (Молдова).

80 келі. Нұрбек Оралбай – Исаяс Фильо (Бразилия).


 

Талқылау