"Ол да спортпен айналысады": Қуат Хамитов сүйіктісінің атын атады
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов отандық бағдарламалардың бірінде сүйіктісінің атын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының эфирінде өзінің жеке өміріне қатысты біраз ақпаратпен бөлісті.
"Менің ұнататын қызым бар. Бұған дейінгі қарым-қатынастарым бір айдан арыға бармайтын. Әйелімнің ұзын бойлы, әдепті және кішіпейіл, иманды болғанын қалаймын. Ол мені таниды, өзі де спортшы, волейболмен айналысады, оның аты - Сабина Алтынбекова. Бұрындарын сөйлескенбіз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін біраз жүгіретін шығармын", - деді Хамитов.
- Қуат Найман: Тоқаев мырза, сіз коронавируспен күресе алмадыңыз, адамдарды ит секілді үйге қамап қойдыңыз
- "Білімі аздықтан осылай қателесіп отыр": Айқын Қуат Хамитов туралы
- Қуат Хамитов: Балам гей болса, ит секілді атып тастар едім
Боксшы Алтынбекованы әйелі ретінде көргісі келетінін айтты. Сондай-ақ ол достары егер Хамитов пен Алтынбекова үйленсе, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты болады деп қалжыңдайтынын айтты.
Волейболшы Сабина Алтынбекова ММА өкілі Қуат Хамитовтың мұндай мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Алтынбекованың Instagram-дағы сторисінде боксшыны белгілеп, "Бұл не?" - деген сұрақ жолдады. Кейінірек оқырман сұрағына жауап ретінде толығырақ түсіндірді.
"Қуатты тік мінезі және адалдығы үшін үнемі құрметтеймін және құрметтеп өтемін. Оның барлық спорттық мақсаттарына жететініне күмәнім жоқ", - деді волейболшы.