Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаса, не болады – Министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметтік брифингте қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушыларға не болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мектеп сток

Фото: Pixabay.com

Емтихан нәтижесі оқушының лицейге немесе гимназияға ауысуына әсер етпейді дейді.

"Емтихан қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шаралардың бірі екенін атап өткім келеді. Бұл ең маңыздысы емес, емтиханның нәтижесі бағаға немесе оны басқа сыныпқа ауыстырылуына әсер етпеуі керек", – деді министр.

Емтиханнан сүрінген жағдайда оқушы тағы бір жыл сол сыныпта қалмайды екен.

"Бұл емтихан – қазақ тілін жетілдіруге бағытталған шара. Ол биыл енгізіліп жатыр, сондықтан мен бұл емтиханды жоғары деңгейде өткізуді бұйырдым. Алайда емтихан балалардың құқығын бұзбауға тиіс", – деді Бейсембаев.

Еске салсақ, қазақстандық мектеп оқушылары биыл қазақ тілінен емтихан тапсыратыны хабарланған еді. 

Талқылау