Нью-Йорктегі қазақ полицей бокс рингіне қайта оралатынын мәлімдеді
Нью-Йорктегі белгілі қазақстандық полицей Димаш Ниязов бокс рингіне қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы полицей спортшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Димаш Ниязов келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткізеді. Ниязовтың қарсыласының есімі әлі белгісіз.
"Кім оралды? Тауып көріңіз", - деп жазды Димаш.
Ниязов өзінің соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың сәуірінде өткізді - ол бірауыздан шешіммен мексикалық боксшы Анхель Саринанадан жеңілді (10-10-3, 4 КО). Содан бері қазақстандық рингке шыққан жоқ.
Еске сала кетейік, Ниязов кәсіпқой бокста өнер көрсетуден басқа, Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейді.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"