Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметінен босатылды
Данияр Ақышев Қазақстан Тұңғыш Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімі бойынша, Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды", - делінген Elbasy.kz сайтында жарияланған хабарламада.
Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне 2019 жылдың ақпанда тағайындалған еді.