Нұрлан Қоянбаев үшінші рет сәбилі болмақ
Нұрлан Қоянбаевтың отбасында қуанышты хабар. Еліміздегі ең табысты кинопродюсер үшінші рет әке атанбақ. Қоянбаевтың жары Әйгерім жүкті. Көпшілік сүйінші хабарды оның туған күнінде білді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйгерім Қоянбаева жақын достарының басын қосып, меншікті мерекесін атап өтті. Оның туған күніне Жұлдыз Әбдікәрімова, Салтанат Бақаева, Нұржан Керменбаев, Әсел Сағатова, Жанель Мақажан сынды елімізге белгілі әртістер қатысты.
Кеш қонақтары әлеуметтік желіде туған күн кешінің кадрларын жариялады. Көпшілік сол жерден Әйгерім Қоянбаеваның аяғы ауыр екенін байқады.
Желі қолданушылары Қоянбаевтар жанұясын жарыса құттықтады.
Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев жұбайы Әйгеріммен университетте оқып жүргенде танысқан. Жарының мамандығы – экономист. Екеуінің бір ұл мен бір қызы өсіп келеді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды