Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасына жолдама алу үшін 74 келі салмаққа көтерілген Нұрқожа Қайпанов Тиранада олимпиадалық емес салмақта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 70 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде израилдік балуанды, екінші айналымда молдовалық балуанды айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда грузиялық Акаки Кемертелидзені 12:2 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Енді жартылай финалда тәжікстандық балуанмен белдеседі.
Айта кетейік, қалған үш балуанымыз жартылай финалға шыға алмай, жарысты ерте жолдан аяқтады. 61 келідегі Асыл Айтақын мен 92 келідегі Нұрдаулет Бекенов алғашқы белдесуінде ұтылса, 79 келідегі Дәулет Ергеш ширек финалда ұтылды.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды

