Нұр-Сұлтандағы онлайн сабақта порно көрсетілген: Шенеуніктер оқиғаға қатысты жауап берді
Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері елордалық полицейлерге математика сабағы кезінде трансляцияға қосылып анайы видеоны кім және қалай істегенін анықтау үшін жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға елордада 3 қыркүйекте болған. Бесінші сынып оқушыларын ZOOM платформасында оқыту процесіне бөгде адам араласып, балалардың компьютер экрандарында әдепсіз слайдтар мен әдепсіз сөздер көрсетіп, сабаққа кедергі жасаған.
"Ата-аналардан және мұғалімнен хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кеңес өткізді, оқушылармен чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау туралы тәрбие жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, кешке ата-аналар балаларының ұялы телефондарын тексерді, бірақ ештеңе анықталған жоқ", - деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы.
Сондай-ақ, ведомство оқиғадан кейін онлайн-сабақтар Microsoft Teams платформасына көшірілгенін атап өтті. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін елордалық полиция департаментіне хат жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға туралы Facebook-тегі парақшасында Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны Жанна Нұрмағамбетова хабарлаған болатын.