AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында кранның сымы үзіліп кеткен: Бір жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңдарының бірінде кранының сымы үзіліп, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 15 мамырда сағат 03.34 шамасында Тұран даңғылы, 50 мекенжайы бойынша "Тұран 1" МКК құрылыс алаңының аумағында пайдалану кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде апат орын алған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, кранының сымы үзіліп, металл ілмек құлап кеткен. Соның салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Бұл апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрылды", –  делінген хабарламада.

Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында комиссия жұмысына төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері жетекшілік ететіні атап өтілді. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады деп уәде берілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр