Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем Telegram-боты іске қосылды
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем коронавирус пандемиясы кезінде қала тұрғындарынан түсетін қоңырауларға жауап беріп үлгере алмағандықтан, Telegram-да диспетчерлердің жұмысын жеңілдететін арнайы ботты іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлік Бектұровтың айтуынша, бұл боттың көмегімен жедел жәрдем шақыруға өтінімді әр адам өзі жібере алады.
Өтінімде боттың барлық сұрақтарына жауап беру, ЖСН және тұратын мекен-жайын көрсету қажет. Осыдан кейін өтінім денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес шақырудың жеделдігін анықтайтын диспетчерге түседі.
Жеделдік санаты берілгеннен кейін өтінім шақыру кезегіне жіберіледі.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі