Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала бірге құлап кетті
Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
«Кеше 112 консоліне Қапал көшесі 1/1 үйінің терезелерінен құлаған балалар туралы хабарлама келді. Ересектер қараусыз қалдырған 2011 және 2013 жылы туған балалар 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Олар №2 балалар ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жатқызылды», - деп атап өтті жедел жәрдем бөлімінде.
2019 жылдың басынан бері 14 оқиға тіркелді (2018 жылы - 21), оның ішінде 1-і өліммен аяқталды (2018 жылы -8), 13-і ауруханаға жатқызылды (2018 жылы -13).
Статистикаға сәйкес, көп жағдайда балалардың құлауы балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы және жақын жердегі ересектердің немқұрайлылық салдарынан болады.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр