Нұр-Сұлтанда футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды
Нұр-Сұлтан полиция департаменті футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 26 шілдесінде сағат 10:01 шамасында 102 нөміріне Петров көшесіндегі футбол алаңы маңынан 38 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті", – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен