“Ninety one” тобы: Димаштың стилі біздің ACE-тікіне ұқсайды
Қазақстанда Q-pop бағытының негізін қалаған атышулы “Ninety one” тобы Димаш Құдайбергеннің жетістігі туралы пікірімен бөлісті. Топ солистері Димаштың әніне баға беріп, оның жаңа имиджін өздерінің стиліне ұқсатты.
Бұл туралы “Ninety one” тобы Алмас Мұсабековке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Топ рэпері Zaq Димаш арқылы бүкіл қазақ эстрадасына шетелге жол ашылғанын меңзеді.
“Димаш сияқты адамның шыққанына өте қуаныштымыз. Бұл жол емес пе? Біз Димаш үшін де, қазақ эстрадасы үшін де, жалпы қазақ елі үшін өте қуаныштымыз”, – дейді ол.
Бұдан кейін топ мүшелері Димаштың стилі туралы сөз қозғады.
“Имидж бен стиль жағына келсек, Димаштың стилі ACE-тің бастапқы кездеріне келеді. Екеуінің фактуралары да ұқсайды. Бірақ әлемдік деңгейге шыққаннан кейін, байқау болады, оның имиджі өзгерді, киім жағы өте қатты өзгерді. Үлкен жұмыс жасалды. Ол көрініп тұр. Себебі сырт келбеттің өзі әлемдік стандартқа сай келуі керек болды. Димаштың түрі әлемдік стандартқа келеді. Әрі қарай стилист пен дизайнерлер жұмыс істеген. Өте керемет шыққан”, – дейді 91 тобы.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)
Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)