Алматыда конвой көлігінен қашып кеткен тұтқын 20 күннен кейін ұсталды
Алматыда конвой көлігінен қашып кеткен тұтқын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желтоқсан айының басында Алматы полициясы конвой көлігінен қашып кеткен ер адамға іздеу жариялаған еді. Араға 20 күн салып криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген азаматты Алматы облысында ұстады.
"Бұған дейін хабарланғандай, күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта қашып кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, 5 желтоқсан күні Алматы полициясы күдікті ер адамның конвой көлігінен қашып кеткен мәлімдеп, іздеу жарияланған тұтқынның суретін жариялаған еді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады