Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ​​көшедегі электр сымдарын ауыстырып жатқан электрик тоққа түсіп, көз жұмды

Қарағандыда 36 жастағы электриктің өлімінің себептері анықталуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Марқұм Айдос Нүсіпбеков желілерді ауыстырып жатқанда тоқ соғып, оқиға орнында көз жұмған. Марқұмның туыстары Айдос жұмыс істеген компания басшылығын кінәлап отыр.

Оқыс оқиға көшедегі желілерді ауыстыру кезінде болған. Марқұмның серіктесінің айтуынша, бастапқыда бәрі жоспар бойынша болған. Олар кедергі келтіріп тұрған бұтақтарды кесіп, әуе платформасындағы сымдарға жақындай бергенде, кенеттен Айдос Нүсіпбековті тоқ соққан.


Батыс Қазақстан облысында полиция ғимаратында оқ жарақатын алған тәртіп сақшысы көз жұмды


“Мен Айдостың айқайлағанын естідім. Қарасам оны ток соғып, аздап дірілдеп тұр екен. Мен не істерімді білмедім. Ол сымды бірден босатып, асылып тұрып қалды. Мен оны көтеріп, жерге жатқыздым. Біз оған жасанды дем беріп, массаж жасадық. Басында тамыр соғысы болған сияқты еді, бірақ жедел жәрдем келгенше көз жұмды”, – дейді марқұмның әріптесі Ернұр Еспай. 

36 жастағы Айдос Нүсіпбеков энергетикалық мекемеде 10 жылдан астам уақыт әуе желісінің электрикі болып жұмыс істеген. Айдостың артында жұбайы мен үш баласы қалды. Марқұмның жақындары оның тәжірибелі, ұқыпты маман болғанын айтады. Олар оқиға орнында қауіпсіздік қадағаланса, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатынына сенімді.

“Бізге сағат 2-де ғана Айдостың әріптестері телефон соғып, болған жағдай туралы айтты. Компания мен басшылық жұмыс орнының қауіпсіздігіне жауапты болуы керек. Бұл толығымен олардың кінәсі. Енді үстіңгі сымдарды қуатсыздандырған, ал төменгі сымдар өшірілмеген деп отыр. Неліктен оларды ауыстыруды бастамас бұрын тексермеді?”, – дейді марқұмның бауыры Дарын Смағұлов.

Апаттан кейін компания шұғыл түрде тексеру жұмыстарын бастады. Арнайы комиссияны мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Желілердегі тоқты өшіру марқұм электриктің міндетінде болмағаны анықталды. 

“Барлық қажетті өшірулерді жасап, осы әуе желісін де өшіру және жұмыс орнын дұрыс дайындау қажет. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес кернеудің жоқтығына көз жеткізгенннен кейін ғана жұмысты бастау қажет”, – дейді "Қарағанды ​​Жарық" ЖШС сенімділік және қауіпсіздік қызметінің басшысы Виталий Журавлев. 

Полиция оқиғаға қатысты "адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында жүк көлігінде жүргізуші өртеніп, көз жұмғаны туралы жазған едік. 

Талқылау