Қытайлық ғалымдар II типтегі қант диабетіне шалдыққан науқасты емдеп шықты
Қытайлық ғалымдар алғаш рет II типті қант диабетіне шалдыққан адамды емдеп шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото сюжет кадрларынан
Дәрігерлер 59 жастағы науқасқа инновациялық жасуша трансплантациясын жасаған. Осылайша ол дерттен айыққан екен.
Деректерге сүйенсек, бұл ота 2021 жылы жасалған. Отадан соң науқас инсулин мен өзге дәрілерді ішуді қойған. Қытайлық азаматтың денсаулығы қазір жақсы.
Ғалымдар клиникалық зерттеу жүргізіп, қант диабетімен ауыратын өзге де адамдарды емдеуді жоспарлаған. Олар жасушалық терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін растаймыз дейді.
Еске салсақ, "қант диабетінен 400 миллиард теңгеден аса шығын келеді" деген депутат тәтті сусындарға салық енгізу мәселесін қайта қарауға шақырған еді.
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы
Марқұм Дінмұхаммед “Жанбөбек” командасының құрамында ойнаған
7,6 миллион теңгелік резидентура мен 250 мың теңге жалақы: Қазақстандық жас дәрігерлер оқу ақысын қалай ақтайды
Алина: “Ақылы резидентура мұндай ақшаға татымайды”