Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі су тасқынына байланысты Digital Bridge 2024 халықаралық ІТ-форумы өткізілмейтін болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты ірі іс-шараларды өткізуден бас тартты. Енді 5-7 қыркүйекте Астанада жопарланған Digital Bridge 2024 халықаралық ІТ-форумы өткізілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.

“Биыл алтыншы рет өткізу жоспарланған Digital Bridge 2018 жылы басталып, IT-индустрияның соңғы тенденциялары мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаң болды. Айта кету керек, 2020 жылы форум төтенше жағдайда – жаһандық COVID - 19 пандемиясына байланысты өткізілмеді.

Биыл көктемдегі су тасқыны Қазақстандағы кейінгі 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болды. Осыған байланысты, ауқымды қирандылардың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаражатты үнемдеу мақсатында мемлекет басшысы үкіметке жоспарланған имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізуден бас тартуды тапсырды”, – делінген хабарламада.



Министрлік жағдай тұрақтаса Digital Bridge халықаралық IT-форумы өз жұмысын 2025 жылы қайта бастайтынын алға тартты. 

Еске салсақ, бұған дейін су тасқынына байланысты мемлекет басшысы бюджет қаржысын үнемдеу туралы тапсырма берген еді.

Талқылау