Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер өз ұлынан бірнеше жыл бойы бай екенін жасырып келген

Қытайда миллионер өзінің әл-ауқатын 20 жыл бойы ұлынан жасырып келген. Оның ұлы 20 жасқа дейін кішігірім пәтерде тұрып, өз күшімен жақсы оқуға түскен. Тіпті жақындарында қарыз бар деп ойлап айлық табысқа жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото South China Morning Post

24 жастағы Чжан Цзы Лудың әкесі танымал тағамдар брендінің иесі. Алайда ол ұлы 20 жасқа толғанға дейін отбасының байлығы туралы өтірік айтып келген. Жігіттің айтуынша, ата-анасы ол өмірде өз бетінше жетістікке жетуге ұмтылу үшін осылай тәрбиелеген. 51 жастағы Чжан Ю Ду-жыл сайын шамамен 600 миллион юань (7,8 миллиард рубль) тауар өндіретін Mala Prince ащы тағамдар компаниясының негізін қалаушы президенті. Бренд Чжан Цзы Лу дүниеге келген жылы құрылған. Миллионердің ұлы отбасында кәсіп бар екенін білген. Алайда туыстары оған үлкен қарыздар мен айтарлықтай пайданың жоқтығын айтқан.

Оның үстіне ұл провинциясындағы қарапайым пәтерде өскен. Ол аймақтағы ең жақсы мектептердің біріне өз бетінше оқуға түсіп, туыстарына қарыздарын төлеуге көмектесу үшін ай сайынғы кірісі шамамен алты мың юань (шамамен 78 мың рубль) болатын тұрақты жұмыс табуды армандаған.



Ал Чжан Цзы Лу университетті бітіргеннен кейін әкесі оған олардың байлығы туралы шындықты айтты. Содан кейін отбасы 10 миллион юань (шамамен 130 миллион рубль) тұратын үйге көшкен. Кіші Чжан әкесінің компаниясының коммерциялық бөлімінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, Чжан Ю Ду компанияны ұлына өзінің талантын көрсете алған жағдайда ғана мұра ететінін мәлімдеді.

Жас мұрагер қаржылық еркіндікке ие болғанның жақсы екенін де мойындады.

"Байлық мені бақытты етеді", — деді ол сұхбатында.

Талқылау