Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз: Алматы тұрғындарына жер сілкінісі кезінде не істеу керегі айтылды
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуін сезгеннен-ақ әрекетке көшу қажет.
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз.
Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.
Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат қауіпті болып табылады.
Медициналық қобдишаңыз жаныңызда болсын
Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және оларды қолжетімді жерде сақтаңыз. Улыхимикаттары, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз.
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет
Терең демалыңыз, дағбырға бой алдырмаңыз, ең маңыздысына ойыңызды жинақтаңыз, кез-келген жолмен тірі қалуға тырысыңыз, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз. Мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге тырысыңыз және жан-жағыңызға қараңыз, мүмкін жолын іздестіріңіз. Сіз қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз: тыңдаңыз, дыбыс білдіріңіз. Адам энергиясын бекерге шығындамаған жағдайда шөл мен аштыққа ұзақ уақыт бойы шыдауы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Қалтаңыздан немесе жақын арадан жарық немесе дыбыс сигналдарын беруші (мысалы, қалта шамы, айна, сонымен қатар құбырды немесе қабырғаны ұруға мүмкіндік беретін металл заттар, сол арқылы назар аудару) заттарды іздестіріп көріңіз. Егер жалғыз шығу жолы болып тар тесік табылса - сол арқылы өтіңіз. Ол үшін бұлшықеттеріңізді босаңсытыңыз және шынтағыңызды денеңізге бүркеп қимылдаңыз.