Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әскерилер жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан

Отарда бір топ азаматтың төбелескен видеосы желіде тарады. Анықталғандай, төбелеске әскери қызметкерлердің қатысы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Cурет желі кадрларынан алынды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Мүнда бір топ азамат жанжалдасып, төбелесіп жатқаны бейнеленген. Жанжалға қатысқан азаматтарды Отар оқу орталығының 302 12 әскери бөлімінің қызметкерлері делінген желі жазбаларында. Тіпті олар бейбіт тұрғындарды соққыға жықты деген де ақпарат тарады.

Оқиғаға байланысты Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді. 

“Ауылдағы жаппай төбелеспен әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты 1 қаңтарда Жамбыл облысы ІІД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мұнда екі азамат зардап шеккен. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің қатысы бар екені анықталды”, –делінген хабарламада. 

Сонымен қатар аталған қылмысты жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128, 131-баптарына (Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртiбi) сәйкес алты адам ұсталды. Оның ішінде қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған 2 әскери қызметкер қамалған. 

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай болған сарбаздың көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Марқұмның туыстары жігіттің сырқаттан мерт болғанына сенбейді.  

Талқылау