Билік 5 миллиард теңгеден астам қаржыны тиімсіз жобаларға жұмсамақ болған
Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 миллиард теңге бөлінген болатын. Бірақ жобаның дұрыс жоспарланбауына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, қоқысқа толып қалған. Қаржы мониторингі өңірлік басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралардан кейін әкімдік 3,7 миллиард теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 миллиард теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 миллион теңге болды. Ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас жобалардың құны айтарлықтай төмен болған.
Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде, үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылатын болады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды