Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектеп әжетханасында қорлық көрген": Алматы облысында төртінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болды

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында төртінші сынып оқитын бала қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп, жатып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баласын мұндай жағдайда көрген анасы жедел жәрдем шақырған.

Алматы облысы Талғар ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың үйінде 10 шақты “Ацетилсалицил қышқылын" ішкенін растады.

"11 қыркүйекте Б есімді азаматша Талғар аудандық полиция басқармасына өзінің кәмелетке толмаған 2013 жылы туған ұлының дәрі ішіп, уланғаны туралы арызданған. Аталған факт Талғар аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптама тағайындай отырып, барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деді Талғар аудандық полиция басқармасының өкілдері.

Желіде баланың әжесінің видеосы тарады. Оның сөзінше, немересін мектеп әжетханасында әлдекімдер қорлағанын. Шашын қырқып, көйлегін жыртқан көрінеді.

Бұған дейін Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың кешенді жоспары қабылданғаны хабарланған болатын. Құжатта қазақстандық балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттары екені айтылған.

Талқылау