WhatsApp-та жазған хабарламаңызды өзгертуге болатын функция пайда болды
WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер пайдаланушыға жіберілген хабарламаны түзеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияның іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Енді сіз жіберген хабарламаңыздағы қатені оңай түзете аласыз және хабарлама жеткізілгеннен кейін қосымша мәліметтерді қоса аласыз. Ол үшін жіберілген хабарламаны басып тұрыңыз, содан кейін пайда болған мәзірден "Өңдеу" пәрменін таңдаңыз. Ондай өзгерісті хабарламаны жібергеннен кейін 15 минут ішінде жасауға болады", – дейді әзірлеушілер.
Өңделгеннен кейін жазба "Өзгертілген" деп белгіленеді, бірақ басқа пайдаланушылар түзету тарихын көрмейді.
Алдағы апталарда бұл мүмкіндік бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға қолжетімді болады деп хабарланды.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"