Шымкент әкімдігі тұрғындардың 100%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алғанын мәлімдеді
Шымкент тұрғындарының барлығы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Бұл туралы қала әкімдігі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы "жасыл аймаққа" өтті. Үшінші мегополисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі қысқартылды. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, бұл – иммундау шарасының нәтижесі.
Шымкент қаласы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жоспарды орындады. Бүгінгі күні вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылған. Ал ІІ компонентін 454 848 адам алған.
Айта кетейік, қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған