Футболшы тарихта Олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы трансгендер болды
Канада Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы Ребекка Куинн тарихтағы олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы трансгендер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалда канадалықтар Швеция командасын ұтқан болатын.
2020 жылы Куинн әлеуметтік желіде өзінің трансгендерлік ер адам екенін мәлімдеді. Ол туылған кезде әйел жынысты болғанын, бірақ өзін еркек жынысты деп сезінетінін айтқан болатын.
Токио Олимпиадасы спорт түрлерінің саны (33) және санаттары (339) бойынша ең ауқымды сайыс болды. Жапония астанасында өткен ойындарға 19 мың спортшы қатысты.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы үшін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқтаған болатын. Құрама қоржынында 8 қола медаль бар.
Олар:
Дзюдо – Елдос Сметов
Ауыр атлетика – Игорь Сон және Зульфия Чиншанло
Бокс – Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов
Еркін күрес – Нұрислам Санаев
Каратэ – Дархан Асаділов
Каратэ – Софья Берульцева
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген