Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды: Көз жұмғандар бар
Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан үш Ресей азаматы қайтыс болды. Бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Туристік автобуста Ресейдің 22 азаматы болған. Барлығы "НТК Интурист" туристік операторы арқылы демалуға келген. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып аударылып кеткен.
Жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, ауыр жарақат алғандар бар. Екеуі жансақтау бөліміне түсті. Зардап шеккендердің бәрі жақын орналасқан ауруханаларға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Туроператордың мәліметі бойынша, зардап шеккендердің жанында орыс тілін білетін гидтер жүр. Туристердің барлығы сақтандыру жүйесімен қамтылған.
Қазақстандық дәрігерлер Антальяда өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді