Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 5 өңірі "қызыл" аймақта тұр: Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандардың саны 1,7 есе өскен. Бұл туралы үкіметтің отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

"Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша "COVID-19-дың 421 121 оң қорытындысы, 560 642 теріс қорытындысы тіркелді. 26 маусымнан бері Қазақстан "қызыл" аймақта тұр. "Қызыл" аймақта 5 өңір бар – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен БҚО, Алматы және Қарағанды облыстары. Басқа өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта тұр. Сырқаттанудың көрсеткішінің өсімі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 1,7 пайызға өсті. Бұл бүкіл республикадағы сырқаттану көрсеткішінің 43 пайызына тең", - деді Алесей Цой.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі соңғы аптада вакциналаудың қарқын алуы коронавирустың таралуын тежегенін айтады.

"Елімізде кейінгі кезде вакциналау қарқыны артып келеді. Өткен аптада вакцина салдырғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға өскен. Біз вакциналаудың тиімділігіне талдау жасап көрдік. Сәуір айынан бастап маусымға дейін екпе алғандар санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуі індет жұқтыру жағдайларын екі есе азайтқаны байқалады. Осыған байланысты Дельта штамы анықталған күннің өзінде вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етіп жатқанын айту қажет", - деді ол.

Министрдің айтуынша,  бүгінге дейін қазақстандықтар 5,2 млн доза вакцина алған. Оның ішінде 1-компоненті бойынша 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8% екпе алған. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылған.

Талқылау