AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %
AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %

35 жастағы Гүлмира Қанай Алматыдағы университетте ректор атанды

Білім және ғылым министрлігі екі жоғары оқу орнына жаңа ректор сайланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қанай

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор лауазымына Гүлмира Әмірханқызы Қанай сайланды. Ол философия ғылымының докторы (PhD).

Әр жылдары Г. Қанай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Ворвик университетінде (Ұлыбритания), Кембридж университетінде (Ұлыбритания) оқып, докторлық диссертациясын қорғады. Гүлмира Әмірханқызы Кембридж Университеті мен Назарбаев Университетінде қызмет атқарған.

Директорлар кеңесі ұсынған кандидатуралар бойынша Республикалық комиссия мүшелері "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор лауазымына Дархан Нұрланұлы Біләловті сайлады.

Әр жылдары Д.Біләлов Еуразия ұлттық университетінде, Солтүстік-Батыс университетінде (АҚШ) және Пенсильвания мемлекеттік университетінде (АҚШ) білім алған. Соңғы оқу орнында жоғары білім берудегі көшбасшылық бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Дархан Нұрланұлының БҰҰ ДБ, Дүниежүзілік банк, Назарбаев университеті, Пенсильвания мемлекеттік университетінде жұмыс тәжірибесі бар.

Басқарма төрағасы – ректорды сайлау 2 кезеңде өткізілетін ашық конкурс арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Республикалық комиссияның құрамына Парламент депутаттар, салалық кәсіподақтың және "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр