Елімізде карантин салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды?
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов елімізде карантин мен төтенше жағдайдың салдарынан қанша адам жұмыссыз қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Шектеу шаралары қолданыста болған кезең ішінде тіркелген жұмысссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін жетті", - деді вице-министр.
Бұған қоса ол осы жағдайға байланысты мемлекет тарапынан жұмыссыздарға төленетін төлем де артқанын алға тартты.
"Яғни, егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы. Бүгінгі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асып жығылды. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгергендер", - деп қосты Сарбасов.
Еске салайық, бұған дейін министр орынбасары кейбір азаматтарға неліктен 42 500 берілмегенін атап өткен еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”