Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығатын болды
Қазақстанда жаппай адамдар жиналатын іс-шараларды тоқтату туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап шығаты айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Біріншіден, 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықты қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дизенфекциялық режим орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, ол жерлерге күшейтілген санитарлық- дизенфекциялық режим енгізу. Каникул кезінде оқушыдарға өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауға тыйым салу, қоғамдық көліктерді жуып, дезинфекция жасау қажет», - дейді вице-премьер Ералы Тоғжанов.
Еске салайық, бұған дейін шенеунік сауда орталықтарындағы кинотеатрлар өз жұмысын тоқтатады деп мәлімдеген еді.