"Мен де сол уақытта ұшқан едім": Нұржан Керменбаев ұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Бүгін, 27 желтоқсанда, «Бек Эйр» авиакомпаниясының кемесі Алматыда тұрғын үй секторында құлады. Бұған қатысты әнші Нұржан Керменбаев өз ойын айтты.

Ұшақ Нұр-Сұлтанға бағыт алған. Таңертең болған қайғылы жаңалық қазақстандықтарды шошытты.
«Дәл осы уақытта біз Атырауға Алматыдан ұшып кеттік. Эйр Астана және Бек Эйр бір уақытта ұшып кетті. Тек жеткен соң біз қайғылы оқиға туралы хабар ала бастадық. Мен жиі ұшатындықтан, қатты уайымдадым, әлі де шок болып тұрмын.
Сол ұшақта болған жолаушылардың қандай күйде болғанын елестете алмаймын. Алла Тағала сізбен бірге болсын. Құрбан болғандардың отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ұшуға келгендердің барлығына тілектеспіз. Себебін біреу біле ме? Не болып жатыр? Әрине, мен бәрі Алланың қолында екенін түсінемін», - деді әнші Нұржан Керменбаев.
Тағы оқыңыз:
Алматыда ұшақтан қаза болғандар саны 14 адамға жетті
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"