"Қатын құтырса, ұрпақ құриды, гейлер қаптайды": Құралай ханым қыз-келіншектердің тәрбиесін өз қолына алмақ

Құралай Ошақбаева қазіргі таңда телеарнадағы қызметінен бөлек, қыз-келіншектерге өмірлік кеңес беріп, сабақ өткізуден алдына жан салмай тұр. Оның айтуынша, жас қыздар маугли болып кетпеу үшін өзі секілді тәтелер керек екен. Бұл туралы ол инста парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзін қазақ қыздарын тәрбиелеуші ретінде таныстырған ол, бұған толық қанды құқығы бар екенін айтады. 

"Артымнан ерген сіңілілеріме, аузымды толтырып, айқайлап тұрып айтуға, толық қанды, рухани, әлеуметтік, саяси, тағы қандай дейсіз барлық құқығым бар", - дейді ол. 

Бұдан бөлек оқырмандарынан өзін сынай бермеуін, керісінше, жас келіндерге өзінің жазбаларын оқысын деп ақыл-кеңес берін сұрады.

"Себебі, үйде сіз жеткізе алмаған әңгімені, мен жетесіне жеткізіп тұрып айтып беремін! Бір құлағынан кіріп, екіншісінен ақса да, кішкене бөлігі қалады", - дейді Құралай ханым.

Құралай ханымның қыз-келіншектердің тәрбиесіне білек сыбана кірісуіне әйелдердің құтыруы себеп болған.

"Әй, дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, қатын құтырған заман қәзір.
Қатын құтырса, ұрпақ құриды. Гейлер қаптайды. Қоғам бүлінеді. Жастар үйленбей, бұзылып өмір сүреді", - дейді тренер-коуч.  

"Отбасы институтын сақтап қалуымыз керек! Бізге мықты ұрпақ керек! Оны тәрбиелейтін біз әйелдер! Сондықтан бүгіннен бастап Қазақ келіндерін жақсылыққа жетелейтін, өзін өзі тәрбиелейтін, бақытқа байлыққа құштар келіндер одағын құрамын", - деген ол енді өзін ешкім тоқтата алмайтынын ескертті.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қорғаушыға ақшам жоқ": Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды
Çàãðóçêà...