Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль премьер-министрі Ливандағы пейджер жарылысына Израильдің қатысы барын алғаш рет мойындады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ливандағы пейджерлердің жарылысына қатысы барын алғаш рет мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tass.ru

17 қыркүйекте Ливанда "Хезболла" қарулы тобының мүшелері пайдаланған пейджерлердің жарылуы салдарынан 12 адам қаза тауып, үш мыңнан астам адам жараланды. Содан кейін Израиль болып жатқан оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.



Алайда 10 қарашада Нетаньяху мұның израильдік операция екенін мойындады.

"Пейджер және Хезболла жетекшісі Хасан Насралланы өлтіру операциясы жоғары деңгейдегі қорғаныс шенеуніктері мен саяси тұлғалардың қарсылығына қарамастан жүзеге асырылды", – деді Нетаньяху.

Нетаньяху қарсылық білдіргендердің қатарында жақында жұмыстан босатылған қорғаныс министрі Йоав Галланттың барын айтты.  

Басылымның мәліметінше, Нетаньяху мен Галлант арасында бірнеше рет қақтығыс болған. 2023 жылдың наурызында Нетаньяху сол кездегі қорғаныс министрі болған Галантты сот реформасы процесін тоқтатуға шақырғаны үшін жұмыстан шығарған. Ол мұны қоғамда туындаған келіспеушіліктер ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінімен түсіндірген. 

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте Ливанда "Хезболла" қарулы тобының мүшелері пайдаланған пейджерлердің жарылуы салдарынан 12 адам қаза тауып, үш мыңнан астам адам жараланған еді. 

Талқылау