Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірден жеңемін демедім, популист болғым келмейді": Қосанов сайлау туралы

Әміржан Қосанов сайлау туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап.

Сайлау нәтижелеріне қуанған Қосанов елге босқа уәде беріп, тазға отырғызып кеткен жоқпын, өтірік сөз арқылы дауыс жинамадым деп ақталды. Алғашқы пайыздық көрсеткіштердің өзін қанағат тұтқан екен ол. Ал 15,9% Қазақстан оппозициясы үшін үлкен жетістік болды дейді.

"Мен бірден жеңемін деп айтқан жоқпын. Мен популист болғым келмейді. Бағдарламамды қарасаңыз, мен несиенің бәрін кешіремін, айлықты үш-төрт есе өсіремін деп айтқан жоқпын. Өйткені популизм маған жат. Сөйтіп тұрған кезде билік басында 5% деді, артынан 7-9% деді. Түңгі сағат он екіде нағыз қызып тұрған кезде 15,9% болды. Бірі құттықтады, енді бірі ары қарай барайық деді", - дейді Әміржан Қосанов. 

Саясаткер сайлаудан кейін болатын бұзақылық жайлы да алдын ала ақпарат алған. Бұны ұйымдастырған Әбләзов мырза деп отыр Әміржан Қосанов. Бұл жайлы саясаттың төңірегінде жүргендердің бәрі білді деп ашығын айтты ол. 

"Ашығын айтайын, саясатта жүргеніме 22 жыл болды. Маған өзімнің сыйлайтын, қадір тұтатын, пікіріне сенетін азаматтар, биліктің маңайында болған, қадір тұтатын, бұрын болған, бизнесте жүрген ақпараты мол, хабардар азамматтар айтты. Әбләзов мырза 9-10 маусымда да үлкен тәртіпсіздіктер орын алуы мүмкін. Сіздің позицияңызға көп нәрсе байланысты болды деді. Қазақстан оппазициясы үшін менің алған пайыздық көрсеткішім үлкен жетістік", - дейді Әміржан Қосанов.

Талқылау