"Не деген дауыс": Дариға Бадықова бала күніндегі видеосын жариялап, жұртты таңғалдырды
Отандық актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бала күнінен видеосын жариялап, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/
Өнер иесі бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.
“Ақ сәулем" әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. "Таптым-ау сені" фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау", – деп жазды актриса.
-
"Қонақтарым шашын жайып келсе, жыным ұстайды": Дариға Бадықова тазалыққа қатысты ойын бөлісті
-
"Коучтарды тыңдап құтырмайық": Дариға Бадықова оқырмандарына кеңес берді
Желі қолданушылары актрисаның бала күнінен аса өнерлі екенін атап өтіп, оған жылы лебізін жаудырды. Көпшілік актрисаның дауысына жоғары бағасын берген.
“Баян тартып тұрған ағайдың өзін өзіне бағындырып тұр”, “Не деген харизма, не деген диапазон?!”, ”Дауысыңызда қоңыр үн бар екен", "Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой", "Шашымыз бірдей болыпты. Қазір 8 жасар қыздарда мұндай шаш жоқ", "Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады", "Дауысыңыз керемет", "Кішкентайынан әнші екен ғой Дариға ханым", "Ең бағалы көрермендердің алдында ән шырқаған екенсіз. Бас қалай ойнап тұр", – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Дариға Бадықова дене бітіміне тиісетіндерге жауап берген еді.